Құттықтаймыз!!
×

Қателік

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/uzdik/3 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/uzdik/3 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

 

Аяуова Райса  Қосжанқызы- ұстаздық еңбегінде оқытудың заман талабына сай, жаңа технологиялық жүйесін жетік меңгеріп, оқушылардың санасына білімді жаңаша меңгертуге мақсат еткен үлгілі ұстаз. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің   лайықты  тұлғасы  деуге  болады.

           Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының химия –биология пәнінің мұғалімі, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының халықаралық дәрежедегі «Мәртебелі маман» төс белгісі, Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне 20 жыл  мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының білім беру  ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, «Білімді дамытудағы еңбегі» медалі, «Білім беру ұйымының үздік педагогі – 2017» төс белгі иегері.

Аяуова Райса Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі,  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық конкурсының жүлдегері. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хаты және «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындысы бойынша облыс әкімінің грантын иеленді. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

         Облыстық химия және биология пәндері мұғалімдері арасында ұйымдастырылған педагогикалық олимпиаданың жүлдегері, «Мамандығыммен мақтанамын...» облыстық эсселер байқауының жүлдегері.

Республикалық «Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының  Құрмет тақтасына химия және биология пәнінің  мұғалімі  Р.К. Аяуова енгізілді.

          2017 жылғы 5 қазан күні Астана қаласында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің қатысуымен  «Ең үздік педагог-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне, мектеп намысын қорғап, конкурсқа қатысқан Аяуова Райса Қосжанқызы қатысты.Ұстазымызды жоғары атағымен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейміз.

{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/uzdik/3{/gallery}