Құттықтаймыз!!!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 895
[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/uzdik/2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 7-9 сынып оқушылары өзін-өзі тану пәнінен «Мен - Қазақстан азаматымын» атты облыстық олимпиадаға қатысып, жоба қорғау нәтижесінде 7 сынып оқушысы Итемген Диас Русланұлы І орынға ие болып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.
2017 жылдың 6-11 қараша күндері «Мен - Қазақстан азаматымын» тақырыбында өткен өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадада Ақтөбе облысының командасы жүлделі І орынға ие болды. Топ құрамында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физка-математикалық мектеп-интернаты және М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты оқушылары болды. Республикалық олимпиада тапсырмаларын ойдағыдай орындап, облысымыздың намысын қорғап, биік тұғырдан көріне білді.
Итемген Диас- «Мен - Қазақстан азаматымын» Өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадада І дәрежелі Дипломмен марапатталды.Мектеп мақтанышына айналған талантты да қабілетті Диасты жеңісімен құттықтай отырып, асар асулары биік болып, мектеп мерейін үстем етуіне зор үміт артамыз!
Ата-анасына балаңыз толағай табысқа жетіп, сіздерді қуанта берсін!
{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/uzdik/2{/gallery}