БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 01 Наурыз 2022
-
Қаралды: 117
🗓 1 наурыз күні басқарма басшысы Жолдас Батырхан Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернатының 11 сынып оқушылары Диас Итемген мен Ақнұр Аманғазыны қабылдады.
✅ Кездесу барысында түлектер өздерінің алдағы мақсаттары мен таңдаған мамандықтары тұрғысында басқарма басшысымен пікір алмасып, тілдесті.
📌 Өз кезегінде Жолдас Нұрланұлы оқушыларға қазіргі білім ордаларының жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі болашақта жүзеге асатындығын тілге тиек етіп, үлкен өмірде сәттілік тіледі.
🔗 - Әлемдегі қай саланы болмасын игеру үшін ең алдымен ұстаз қажет. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген. Ұстаз болу үлкен мәртебе. Ең бастысы мамандық таңдауда қателесуге болмайды. Адамзат өмір бойы білім алғанда ғана өзі иесі атанған мамандықтың биік шыңын бағындырады. Сондықтан алдағы қадам басар үлкен өмірде осы айтылған кеңестерді жадыларында сақтап, өздерің таңдаған мамандықтың мықты иесі атанып, абыройлы болыңдар! - деген басқарма басшысы оқушыларға кітаптар сыйға тартты.