Өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 03 Наурыз 2022
-
Қаралды: 141
Төтенше жағдайлар департаментінің "2022 жылға арналған тіршілік қауіпсіздігі негіздері шеңберінде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментімен облыстың білім беру мекемелерінде өткізілетін сабақтар жоспары" аясында бүгін 2 наурыз күні мектеп-интернаттың 9 класс ер балалары мен тәрбиешісі Задагүл Бекмаганбетова ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің N2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды.
Экскурсияны қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мәлік Қуаныш жүргізді. Оқушылар өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін киіп, өрт сөндіру құрылғыларымен танысты. Өрт сөндірушілердің қиын қызметінің қыр-сыры туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар қарауыл бастығы кәсіптік бағдар беріп, өрт сөндіруші болғысы келген оқушыларға Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясынан білім алуға кеңес берді. Оқушылар кездесу соңында алған әсерлерімен бөлісті.
#физмат#тәрбие