"Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында рухани сабақ өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 09 Сәуір 2022
-
Қаралды: 142
Ұлтымыздың рухани және мәдени құндылықтарын сақтау мақсатында жарық көрген "Рухани жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай бүгін Актөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының "Сырғалым" қыз балалар клубы мен кәсіби медиатор, Алтын алқа иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы төсбелгісінің иегері Бибігүл Әбдішүкірқызы @ardakti_ana "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында рухани сабақ өтті.
⚜Рухани сабақ барысында қыз балаларға өнегелі әңгімелері мен құнды кеңестерімен бөлісті. Қыздарға ақ батасын берді.
⚜Сонымен қатар кездесуге қатысқан Ақтөбе қаласы қоғамдық кеңесінің өкілі Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен "Сырғалым" қыздар клубының мүшелері үшін мектеп-интернат жанынан хореграфия үйірмесі ашылды, екі жақты меморандумға қол қойылды.
#физмат#тәрбие