"Сырғалым" қыздар клубының мүшелері үшін хореография үйірмесі ашылды
 

✴Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдай жасау қажеттігін айта келе 2022 жылды "Бала жылы" деп жариялады.
✴Осы орайда Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында балалар жылының аясында Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің өкілі Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен "Сырғалым" қыздар клубының мүшелері үшін хореография үйірмесі ашылды.
✴Үйірмені хореграф
Диана Болатқызы аптасына 3 күн жүргізеді. Үйірмеге мектеп-интернаттан 42 қыз бала қатысады.

#физмат#тәрбие