Тәрбие сағаттарын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 130
Қазақтың тұрмыс-салтында бала тәрбиесімен тікелей әйел адам айналысқанымен, ер азаматтың қас-қабағы, мысы, бір ауыз сөзі, бейнесінің өзі көп нәрсені шешеді. Көбіне мектеп қабырғасында әке тәрбиесін ер мұғалімдер теңестіріп, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына оң ықпал береді. Міне, осы көзқарас ұлттық педагогикамызда ерлердің маңыздылығын арттырып отыр.
Осы орайда оқу жылының басында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер мұғалімдеріне тәрбие жұмысына етене араласу мақсатында, қоғамдық жұмыс ретінде қосымша кластар бөлініп берілген болатын.
Бүгін мектеп-интернаттың ер мұғалімдері өздеріне бекітілген кластарына тәрбие сағаттарын өткізді. Ағайлардың креативті идеяларының арқасында әртүрлі форматтағы тәрбие сағаттарының куәсі болдық.
Шәкірттерінің "Ағай!" деген үнінен қуат алып, тәуелсіз елдің ертеңгі ұландарын тәрбиелеп жүрген ер мұғалімдеріміз көпке үлгі.