Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ашық алаң
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 322
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ашық алаң
Салауатты әлеуметтік орта қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз білім беру мен жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Олай болса, заманымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – сыбайлас жемқорлықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың басты назарындағы міндеттердің бірі.
Осы міндетті алға тарта отырып, 2020 жылдың 22 қазан күні Ақтөбе облысындағы үш мамандандырылған мектеп-интернаттар, атап айтқанда, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, Ақтөбе «Білім- инновация» лицей-интернаты және М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды. Ашық алаңның мақсаты: Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Осы мәселеге қатысты креативті ойлайтын, білімді, өз пікірі мен нық ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеу.Іс-шараны АОМФММИ-ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Камбарова жүргізді.Оқушылармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың жалпы негіздеріне қатысты сұрақтар, сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік туралы кеңінен талқыланды.Оқушылар өз ұстанымдары мен ой-пікірлерін ашық айта отырып, сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратынын, сонымен қатар, жарқын болашағына оның кеселі зор екенін жеткізе білді.
Б.Б.Камбарова-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары