Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 356
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында басқармасы басшысының орынбасары Н.Бертлеуованың 2020 жылдың 14 қазан күнгі №5-4501 хатын орындау мақсатында мектеп директоры К.Е. Тлеумагамбетова және оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Ж. Кулымов мектеп-интернатының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел, ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді.
Жиналыс барасында сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отырғандығы айтылды. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Сыбайлас жемқорлықты, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қаржы жинамау мәселесі қозғалды.
Жиналыс бойынша мектеп-интернатының директоры К.Е. Тлеумагамбетова осы бағытта түсінік жұмысын жүргізді.