«Адалдық асыл қасиет» тәрбие сағаты
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 1165
«Адалдық асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағатының өткізілгендігі туралы хабарлама
Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық асыл қасиет» тақырыбында 7 а сыныбыныңы тәрбиешісі А.Жұмағалиеваның жетекшілігімен тәрбие сағатты өтті. «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан адалдық сағатында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбергеновтың, Әл-Фарабидің, Қ.Ясауидің, І.Есенберлиннің, Б.Момышұлының, М.Жұмабаевтың парасаттылық, әділдік туралы ойлы пікірлері насихатталды.
Келешек ұрпаққа адалдық пен парасаттылық, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері туралы кеңінен түсіндірілді.
Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет.Себебі, осы асыл қасиеттер дамыған ортада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Б.Камбарова