«Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстелдің өткізілуі туралы ақпарат

«Мәңгілік Ел» жалпы азаматтық құндылықтарды насихаттау, заң алдында барлығының тең екендігін үйрету, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында жоспарға  сай «Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» тақырыбында 9б сыныбында сынып тәрбиешісі Т.Алдоңғарованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар Заң мәселесі бойынша аз ақпараттар білседе болашақ елінің патриоты ретінде мұғалімдерді бір қуантты.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді  Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген мына қанатты сөздермен бастап,  бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы дей отырып «Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел өтілді. «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында  құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланды. Дөңгелек үстелде оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Н.Ә.Назарбаевтың:  «Ата  заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» деген сөзімен қорытындыланды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Б.Камбарова