Бірыңғай республикалық ата-аналар жиналысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Бірыңғай республикалық ата-аналар жиналысы»  туралы ақпарат

         Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға орай 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту форматымен басталды. Соған орай, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде бірыңғай республикалық жалпы ата-аналар жиналысы қашықтықтан өткізілді. «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесеміз?» тақырыбында жүргізілген жиналыста оқыту форматы, ақпараттық платформа жүйесі айтылды. Сонымен қатар балаларды оқу жүйесіне ынталандыру, жауапкершілігін қалыптастыру, интернеттегі қауіпсіздігі басты назарда екендігі сөз болды.

Оқу тапсырмасының көлемі, компьютермен жұмыс жасау ұзақтығының санитарлық нормаларға сай жүргізілуі, мұғалім тапсырмаларын орындауы түсіндірілді. Ата-аналар тарапынан: «Online Mektep» платформасының артықшылығы неде? сұрағына мектеп әкімшілігі:«Оқушы күнде әр пән бойынша оқу материалын тез әрі оңай меңгере алады, сонымен қатар қалыптастырушы (ҚБ) автоматты түрде қойылады» жауабын ұсынды. «Бастапқы әзірде үйрену үшін тапсырмаларды «бағаланбайтыедай» етіп орындауға бола ма?» сұрағына: «Жоқ.Тапсырма орындалса, міндетті түрде «баллдық» жүйемен бағаланады.Дегенмен әрбір тапсырманы орындамай-ақ, ашып көруге болады» жауабы берілді.Ұсыныс-пікірлер кең көлемде талқыланды.Ата-аналар жиналысы барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі баяндалды. Ата-аналар  әр түрлі мамандық саласы қызметкерлерінің өз ісіне адал, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптасқанда ғана жемқорлықтың түп тамыры жойылатындығын өз ойларымен білдірді. Орын алған жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлауға арналған сенім жәшігі    орналастырылғандығы ескертілді.Оқу жылының басында мектеп-интернатта ата-аналардан ақша жинамау керек екендігі туралы бұйрық шығарылып, ата-аналар мен мұғалімдерге таныстырылып отырады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Б.Камбарова