«Адалдық сағаты» акциясы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясының өтілуі туралы ақпарат

«Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. 

      Осы мақсатта, бүгін 17 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе  қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы 9-11 сыныптар аралығында өтті. Акцияға Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Малаева қатысты.

      

Адалдық сағаты барысында жастарға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

      Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Камбарова