Психологиялық қызмет жаңалықтары
«Калейдоскоп» психологиялық ойыны
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 22 Қазан 2021
-
Қаралды: 251
«Калейдоскоп» психологиялық ойыны
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында 21 – ші қазанда 6 класс оқушыларына «Калейдоскоп» психологиялық ойын өтілді.
Мақсаты: эмоционалды интеллектіні, қарым – қатынасты дамыту, жағымды көңіл – күй сыйлау.
«Калейдоскоп» психологиялық ойынның өтілу ережесі мен тапсырмалары оқушыларға түсіндірілді.
Топтар ойын ережесіне сәйкес берілген тапсырмаларды бірлесіп, шығармашылықпен орындады және тапсырма орындау шеберліктеріне қарай топтар жұмысы ұпаймен бағаланды.
Ойын барысында оқушылар өзара жағымды қарым – қатынас жасай білді, көңіл – күйлері көтерілді.
Психологиялық ойынға оқушылар өте белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.