Экскурсия жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
- 
					Жарияланды 03 Маусым 2022
- 
						Қаралды: 280
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай бүгін жазғы мектепке қатысып жүрген Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушылары қаламыздағы ескерткіштерге экскурсия жасады. Экскурсия кезінде оқушылар Әлия ескерткіші - Батырлар аллеясы - Қан мен тер ескерткіші - Абай ескерткіші - Даңқ мұнарасы сияқты қаламызға көрік беріп тұрған тарихи ескерткіштердің тарихымен танысып, тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсияны тарих пәнінің мұғалімі С.Нурмагамбетова мен сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова ұйымдастырды.






 
                                                                 
                                                                 
                                                                