Әсем әуен әлемі - балалық шақ!

🤡Жазғы мектепте білім алып жатқан 6-8 кластардың 100 оқушысына бүгін 1- маусым балаларды қорғау күніне орай "Әсем әуен әлемі - балалық шақ!" атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
🤡 Мерекелік шараны мектеп директоры Каракоз Енсегеновна балаларды құттықтаумен бастады.
Мерекелік шара барысында "Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы" атты мерекелік концерті оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🤡"Балаларға базарлық!" ұранымен ата-аналарымыздың демеушілігімен балалардың барлығына тәттілер мен балмұздақтар таратумен жалғасты. Ертегілер кейіпкерлері мереке иелерін құттықтап, оқушылар "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында асфальтқа бормен сурет салды.
🤡Сонымен қатар 6-8 кластардың ер балалары "Былғары доп" футбол жарысына қатысты. Оқушыларға мерекелік шара өте қатты ұнады.