Әдістемелік жұмыс
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты өткізілген әдістемелік апталық бойынша ХАБАРЛАМА
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Әдістемелік жұмыс
-
Жарияланды 05 Наурыз 2018
-
Қаралды: 1320
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық
мектеп-интернатының жаратылыстану және әскери – спорттық бірлестігінде
15-20 қаңтар аралығында
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»
атты өткізілген әдістемелік апталық бойынша
ХАБАРЛАМА
Апталықтың мақсаты: мектеп оқушыларының жаратылыстану және әскери-спорттық пәндеріне қызығушылықтарын арттыра отырып, жеке ізденушілік қабілеттерін дамыту.
15.01. жаратылыстану және әскери – спорттық бірлестігінде «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты апталық жұмысын бірлестік жетекшісі Рамазанова Ардақ пен биология пәні мұғалімі Алгазина Назерке өткізді. Апталықтың ашылуын 11 б класс оқушылары Сейтқалиева Еркеназ және Орынбасар Амандық жүргізді. Апталық «Адай» күйімен ашылып, оқушылар химия, биология, география, дене шынықтыру пәндеріне өлеңмен сипаттама берді. Оқушылар апталықтың ашылуына белсенділікпен қатысты.
Химия пәні мұғалімдері Аяуова Райса Косжановна мен Рамазанова Ардак Сагитовна 9а-9б кластардың арасында «100 химиялық таңғажайып ашулар» тақырыбында бейнефильм көрсетті. Оқушыларға химияның заңдары, ғалымдардың зерттеулері, химияның негізгі ұғымдары, химиялық ашуларға шолу жасалынып,химиялық зерттеулердің нәтижелері интерактивті тақтада көрсетілді. 9а класс оқушылары Бозшина Акгул мен Амангалиева Фариза «Табиғаттағы заттардың айналымдары» туралы өз пікірлерін ортаға салды. Бейнефильмді оқушылар қызығушылықпен көріп,химияның жаңалықтарымен танысты
Химия пәні мұғалімдері Аяуова Райса Косжановна мен Рамазанова Ардак Сагитовна «100 химиялық таңғажайып ашулар» атты бейнефильмді таныстыруда.
16 қаңтарда биология пәні мұғалімі Алгазина Назерке 7-класта «Табиғатым – тағдырым» атты кластан тыс шара өткізді. Класты 3 топқа бөліп, кластан тыс шара 5 турды қамтыды. 1-тур «Таныстыру», 2-тур «Біліміңді сынап көр», 3-тур «Табиғат – ғажайып әлем», 4-тур «Кім тапқыр?», 5-тур «Атам айтқан даналық сөздер...» өткізілген сайысқа оқушылар белсене атсалысты.
17 қаңтарда Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Қарасаева Алтын 7-класта «Алтын бесік-Атамекен» атты сабағында оқушыларды атамекенге, ата жұрт, өлке, ел, Отанға деген құрмет сезіміне тәрбиеледі. Оқушылар 3 топқа бөлініп, эссе жазып, постер қорғап, өлең шығарды. Оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Тыныштық сәті өткізілді. Өзін – өзі тану сабағында оқушылардың қызығушылықтары жоғары екені байқалды.Оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланып,бір-біріне көмектесіп,ынтымақтастықпен жұмыс жүргізуге дағдыланған, Шаңырағың шайқалмасын –туған еліміз Қазақстанға,қазақ еліне байланысты ,аттары аңызға айналған,қазақ елінің мақтаныштары туралы қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Сабақ «Атамекен» әнімен қорытыланды.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Карасаева Алтын сабақ кезінде.
«Талабы бар-еңбекке бас ұрады»-деп бекер айтылмаған.Технология пәнінен 6а класында «Алжапқышты модельдеу»-атты сабақты технология пәнінің мұғалімі Төрежан Бекзат өткізді.Сабақ барысында сәлемдесу,өткен сабақты тексеру жұмысы жүргізілді.Мұғалім жаңа сабақта алжапқышты тігудің әдістерін оқушыларға көрсетіп,киімді дайындау және модельдеу барысында суретші-модельер,конструктор,технологтың атқаратын жұмыстарын түсіндірді.Оқушылар әр түрлі фигураларда қиылған алжапқыш суреттерімен таныса отырып,таңдаған суреттерге сай жұптасып,бөлініп отырып,мата түрлерін таңдай отыра,таңдаған модель бойынша алжапқыштың модельдік сызықтарын жүргізіп,алжапқыштың моделінің жаңа үлгісін жасады.Жасаған жұмыстарын ортаға шығып қорғады.Оқушылар семантикалық картамен жұмыс жүргізді. Мұғалімнің қойған бекіту сұрақтарына жауап берді.Оқушылар топпен жұмыс жүргізе отырып,технологиялық элементтерді игеруде белсенділіктері,ынталары жақсы екендігі байқалды.
Дене тәрбиесі пәнінен өткізілген “Волейбол ойынының техникасын меңгерту” атты дене тәрбиесі пәні мұғалімі Көбенов Исаның сабағынан көрініс
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Утебаева Асима мен Қосмухамбетов Болаттың өткізген дене тәрбиесі сабақтарынан көрініс.
Жаратылыстану және әскери – спорттық бірлестігі жетекшісі: Рамазанова А.С