Әдістемелік кеңес

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылы 21 ақпанда мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Мақсаты: білім беру үрдісінде педагогтердің қазіргі заманауи форматта оқытудың талаптарына сай сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды меңгерту.
❇️Мектепішілік әдістемелік кеңес жұмысын әдістемелік жұмыс жетекшісі Р.К. Аяуова ашып, төмендегідей мәселелер қозғалды:
1.“Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану”С.Қ. Нурмагамбетова, тілдер және қоғамдық ғылымдар бірлестігінің жетекшісі.
2.“Орыс тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары” А.Н.Султанмуратова, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.
3.“Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдері” Ж.Х.Нургазина, ағылшын пәні мұғалімі.
4.“Жас маман - жаңа заман жаршысы” әдіс - тәсілдер презентациясы, жас мамандар мектебінің мүшелері.
❇️Әдістемелік жұмыс қазіргі заманауи талаптарға негізделген жұмыс түрінде ерекше деңгейде өтілді.