Құқықбұзушылықтың алдын алу

Ағымдағы жылдың 13 қазан  күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына жаңадан тағайындалған  кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Сапарова Шынар Темирбековна @idn_uip_upp9_aqtobee оқушылармен танысып, оларға “Құқықбұзушылықтың алдын алу” және “Жол қауіпсіздік ережелері”  тақырыбында ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.