Ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜ Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ата-аналары үшін санитарлық талаптарды ескере отырып ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысының күн тәртібі бойынша: 1. Коронавирустық инфекцияға қарсы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге "Комирнати" вакцинасын жүргізу туралы түсіндірме жұмыстарын онлайн форматта N6 қалалық емханасының мамандары жүргізді.

2. Сыныптың ІІ оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есепті сынып тәрбиешілері айтты. 3. "Діни экстремизм - қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет" тақырыбында түсіндіру жұмыстары. 4. "Оқушылардың сабақ үлгеріміндегі ата-ананың рөлі " тақырыбында ата-аналар комитетінің баяндамасы. 5. Ағымдағы мәселелер қаралды. Жалпы 6-11 кластар аралығында барлығы 153 ата-ана жиналысқа қатысты.