Психологиялық қызмет жаңалықтары
«Өзіңді сүю – Өмірді сүю» тренинг жəне "Мандала" терапиясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 07 Наурыз 2020
-
Қаралды: 273
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем» атты 1 - 6 наурыз аралығында ұйымдастырылған «Педагогика - психология» бірлестігінің апталығы аясында мектеп – интернаттың 11 сынып оқушыларына «Өзіңді сүю – Өмірді сүю» атты тренинг өтілді.
Мақсаты: өмір өткелдерінен сүрінбей өтуге, сенімділікті нығайтуға, көңіл – күйлерін көтеруге, қоршаған ортамен үйлесімді болуға, мақсатқа жетелеуге бағытталды.
9 сынып оқушыларына «Мандала» терапиясы өтілді.
Мақсаты: өзін – өзі тану қабілетін дамыту, көңіл – күйлерін, ішкі ой – сезімдерін реттеу арқылы тұлғаның үйлесімді дамуын үйлестіру. Аталған жұмыс тұлғаның үйлесімді дамуын үйлестіруге мүмкіндік берді, оқушылар өте белсенді, қызығушылықпен, ерекше ынтамен қатысты.