«Мен үшін МОТИВАЦИЯ» тренингі

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында психологиялық қызмет аясында қашықтықтан оқыту форматында 11 сынып оқушыларына 2020 жылдың қазан айында 22 – 24 аралығында «Мен үшін МОТИВАЦИЯ» тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
Мақсаты: 11 сынып оқушыларына «Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық» барысында өзін – өзі бақылау дағдысына үйрету, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету және мақсатқа жету мотивациясын нығайтуға бағытталды.