Хабарландыру

Хабарландыру

2019-2020 оқу жылы бойынша АОМФММИ – на 6 – сыныпқа 1 оқушы, 7 сыныпқа 3 оқушы, 8 сыныпқа 1 оқушы бос орындарға конкурс жариялайды. Қабылдау емтихандары математика пәні бойынша 2 турмен жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Үміткерлерге қойылатын талаптар: соңғы жылдағы үздік үлгерімі, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысымы мен жетістіктері. Қабылданатын құжаттар: үлгерім табельдері (мектеп мөрімен куәландырылған), жетістіктер құжаты (грамота, диплом, т.б.), №026, №063 дәрігерлік картасы.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 13 қараша 21 қараша аралығында сағат 9:00 - ден 18:00 - ге дейін.

Конкурстың жүру уақыты: 23 қараша күні сағат 9:00 де. Екі тур бір күнде жүргізіледі.

Қорытындысы бір күннен кейін мектеп сайтына жаряланады.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған

физика-математикалық мектеп интернаты

Ақтөбе қ, Cәңкібай батыр 74 C

8(7132) 90-93-31

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.