«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпаздары

2017 жылы қараша айының 8-9 күндері Алматы қаласы, Алатау шипажайында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатынан физика және тарих пәндері мұғалімдері қатысып, биік тұғырдан көріне білді. Физика пәні мұғалімдері Каракоз Енсегеновна Тлеумагамбетова мен Әсем Уәлиханқызы Насан «Мектеп қабырғасындағы қазіргі заманғы физика» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІ дәрежелі Дипломымен, тарих пәні мұғалімі Ботагөз Еңсегенова «Тарих толқыны» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталып, мектеп мерейін үстем етті.

Ұстаздарымыздың жетістігіне қуана отырып, Ұстаздық еңбегінде оқытудың заман талабына сай, жаңа технологиялық жүйесін жетік меңгеріп, оқушылардың санасына білімді жаңаша меңгертуге мақсат еткен үлгілі ұстаздарымызға дендеріне саулық, отбасына амандық тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:

 Шындығында маманысыз сіз істің,

Қазірден-ақ тәжірибеңді бөлістің.

Сіз бүгінгі жас ортаның өкілі,

Ізденуің-жемісіңнің кепілі.

Табыстарың табыспенен жалғасты,

Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.

Сіз оларға білім нұр боп ашылдыңыз,

Ұстазысыз алға апарар ғасырдың.

        Егеменді еліміздің еркін ұстаздары! Тәуелсіздіктің тұғыры биік болып, бейбітшілік бесігін тербеткен, талай асуларды бағындырған саналы ұрпақ тәрбиесінде жеткен жетістіктеріңіз көп бола берсін!!!