Буккросинг акциясы
×

Қателік

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/bookcrosing is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/bookcrosing is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыбында кітап алмасу-буккросинг акциясының ашылуы 24 мамыр күні ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: оқушыларды әдеби кітап оқуға тәрбиелеу, білім сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, жазғы каникул уақытында бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Акция аясында жатақхана фоесінде көркем әдебиет туындылары жинақталған бұрыш, арнайы кітап сөрелері жасақталып, кітапханада кітап оқитын орындар ұйымдастырылды.

Шара барысында 70 көркем әдебиет жинақталды. Буккросинг акциясының ашылу салтанатына ата-аналар, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқу залының қызметкерлері: Жумагалиева Алмагул Сансызбайқызы, Лакибаева Айгулек Темирхановна, Салиева Ақтоты Қорғанбайқызы қатысты. Шара барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқу залының қызметкерлері 10 көркем әдебиет туындыларын оқуға ұсыныс білдірді. Мектеп-интернаттың тарих және құқық пәні мұғалімі Б.Енсегенова оқушыларға қызықты көркем әдебиет туындыларын ұсынды. Мектеп-интернат оқушылары да қызықты кітаптарымен бөлісті.Шара жазғы каникул бойына жалғасады. 

{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/bookcrosing{/gallery}