«Ауғанстан-жүректегі жара»

    Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Өз Отанына деген шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Кеш қонақтары: Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлері Шаукилов Темірбай Құдайбергенұлы-жеке кәсіпкер және Изтаев Қуандық Сағындықұлы- жеке кәсіпкер.

   Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Өз Отанына деген шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Кеш қонақтары: Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлері Шаукилов Темірбай Құдайбергенұлы-жеке кәсіпкер және Изтаев Қуандық Сағындықұлы- жеке кәсіпкер.Кеш қонақтары оқушыларға Ауған соғысына қатысуы мен осы соғыстың тарихи тағылымы жайлы қысқаша баяндап, оқушылар сұрағына жауап бере отырып, жастардың бойында әрдайым патриоттық рухтың болуы тиіс, келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі құндылықтар жойылмауы керек-деп өз ойларын жеткізді. Сонымен қатар, 16 жасқа толған жасөспірімдерге берілетін әскерге тіркеуге арналған билеттерін табыстады. Аталмыш шарада слайд және «Мен көрген соғыс» тақырыбында бейне-ролик көрсетілді.Шара барысында 10 сынып оқушылары: Құрманғазина Меруерт -39сек, Асылханова Дана -42сек, Жалғаспай Ерболат -37сек, Ойлыбаев Ақоралжан -47секундта автоматты шашып-жинады. 10 сынып оқушысы Серікбай Диас сағынышқа толы әскери өмір тақырыбына арналған «Туған жер» әнін гитарамен орындады. Сонымен қатар, кеш қонағы Темірбай Құдайбергенұлы әскери әндер орындап, оқушылардың көңілінен шықты. Кеш жүргізушілері: 10 сынып оқушылары: Идрисов Мәди мен Анарбекова Ақнұр. Кешті ұйымдастырушылар: Иманов Нұрбек-АӘД пәні мұғалімі мен Имангалиева Гулнар Жонысовна-ұйымдастырушы-педагог.