Тәрбие сағаты «Терроризм-мұны бәрі білу керек»

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы №15-06-23/И-64 Дін істері комитеті діни экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында ақпараттық-түсіндіру парақтарын (флаерлар) әзірледі. Соған сәйкес, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып кураторлары тәрбие сағаттарында оқушыларға Қазақстан Республикасы-зайырлы мемлекет екендігін ескере отырып,

       Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы №15-06-23/И-64 Дін істері комитеті діни экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында ақпараттық-түсіндіру парақтарын (флаерлар) әзірледі. Соған сәйкес, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып кураторлары тәрбие сағаттарында оқушыларға Қазақстан Республикасы-зайырлы мемлекет екендігін ескере отырып,«Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыздар!», Ислам дінінің мәселелері бойынша сенімді ақпарат көздері ұсынылып, және туындаған деструктивті сипаттағы мәселелерді шешуге «114» қауырт желіге хабарласуға кеңес берілді.

          «Терроризм-мұны бәрі білу керек» тәрбие сағаты оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу мақсатында тәрбие сағаты өтті.Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Оқушылар толық мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті

         Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы НҚА нормаларын түсіндіру бағытында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Айбар Ақылбекұлымен кездесу экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысып, дәріс оқыды. Дәрісте экстремизм мен терроризм терминдерінің мағынасы кең көлемде ашылды. Экстремизмнің түрлеріне тоқталып, өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтірді. Оқушыларға сабақ барысында немесе оқу орнынан тыс жерлерде «бомба қойылған» тағы басқа жалған ақпарат беру заңмен қудаланатыны нақты заң баптарын келтіре отырып, баяндады.Оқушылардың «Аталған мәселелерге тап болған жағдайда кімге, қайда хабарласамыз?», «Кәмелетке толмаған балалардың аталмыш сайттармен әуестенген жағдайда заң алдында жауап бере ме?- деген сұрақтар қойылды. Оқушыларға «114» байланыс телефонына хабарласып, мәселелерін шешуге болады, болмаса прокуратураға хабарласу керектігі айтылды. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары жауапқа тартылады-деп сұрақтарына жауап берді. «Жат ағымдардың қоғамға ықпалы» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге мектеп-интернаттың 9-10-11 сыныптан барлығы 106 оқушы, 2- меңгеруші, 1-педагог-ұйымдастырушы, 7 пән мұғалімдері және 4 тәрбиеші қатысты.