Бүгін мектеп-интернатта ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті


⚜Бүгін мектеп-интернатта ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.
⚜Жиын барысында мектеп директоры Карагөз Енсегеновна ұжымды және оқушыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Сонымен қатар мектеп-интернат мұғалімдері үшін білім басқармасынан, облыстық кәсіподақ ұйымынан, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығынан, ғылыми-тәжірибелік орталығынан, "Ақтөбе-Дарын" орталығынан келген мерекелік құттықтау алғыс хаттарын табыстады. "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" атты тілдер және қоғамдық ғылымдар бірлестігінің  апталығында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
⚜Тұғыры биік Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!!!

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе
#Qazaqstan30
#MeninQazaqstanym
#АқтөбеҰшқыройалаңы