Тәуелсіздігімізге 30 жыл!

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
Құрметті Ақтөбеліктер! Қымбатты әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.Тәуелсіздігімізге 30 жыл! Тәуелсіздік алғаннан кейін облысымызда мамандандырылған мектептер ашыла бастады.
Қазақстан    Республикасы   Президентінің  «Дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және  мемлекеттік  қолдау көрсету  туралы»  жарлығы  негізінде  Ақтөбе  облысы       әкімінің  бұйрығымен  1996 жылы  Ақтөбе  облыстық  мамандандырылған      физика – математикалық  мектеп- интернаты ашылған болатын. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-түс биыл мектебіміздің ашылғанына 25 жыл толып отыр. Осы 25 жыл ішінде 815 түлек тәмәмдап шықты.Түлектеріміз әр  түрлі салада  қызмет жасап жатыр.

25 жылда мектебіміз,ұстаздарымыз ,оқушыларымыз түрлі білім жағынан ,өнер жағынан,спорт жағынан дарынды ұстаздар,дарынды балалар арасындағы байқауларға қатысып жүлделі орындар иеленіп  @_fizmat_aktobe туын төмен  түсірген  жоқпыз. Құрметті әріптестер, оқушылар еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Тәуелсіздік- бұл бостандық,күш,молшылық және рухани байлық. Мемлекетіміздің береке-бірлігі,бостандығы, әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке, әрі патриоттық мереке деп есептеледі. Бірлескен  ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып,салт-дәстүрімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.
Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып,қастерлей білуге тиістіміз.Бұл біздің азаматтық парызымыз,адамдық борышымыз.
Құрметті, Тәуелсіз еліміздің бақытты азаматтары, бұл мереке күні, сіздерге зор-денсаулық,мақсат-жолдарыңызға сәттілік, игілік пен алдағы жұмыстарыңызға тек шығармашылық табыс тілеймін. Еліміз гүлденіп,көркейе берсін.
Төл мерекеміз құтты болсын!

Карагоз Енсегеновна ТЛЕУМАГАМБЕТОВА - Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының директоры.

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе