Жазғы мектеп өз жұмысын сәтті аяқтады

Ақтөбе облыстық мамандандырылған  физика-математикалық мектеп-интернатында 26 мамыр-19 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде  жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылған "жазғы мектеп" өз жұмысын сәтті аяқтады. Жазғы мектеп кезінде оқушылардың пәнге қызығушылығы артуымен қатар, психологиялық тренингтер, робототехникамен айналысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыта алды.