Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарына 2021-2022 оқу жылында қабылдау конкурсы туралы

      2021-2022 оқу жылына  «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» КММ және "М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты" ММ мектеп-интернат жарғысына, қабылдау ережесіне сәйкес конкурстық негізде 5 және 6 сыныпқа оқушыларды қабылдау    «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларды оқуға қабылдауды конкурстық негізде 2021 жылдың 6 маусым күні  2 кезең бойынша жүргізіледі.  1 кезең сағат 9:00-де, 10 аудиторияға бөлінген 195 үміткер тест түрінде емтихан тапсырады.  2 кезең сағат 14:00 – де, 10 аудиторияға бөлінген 194 үміткер емтихан тапсырады. Конкурстың қорытындысы бойынша апелляция  жүргізілмейді.

     "М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты" ММ 2021-2022 оқу жылына конкурсқа қатысуға барлығы 5 - сыныпқа – 239  үміткер онлайн өтінім берді. 2 комплект- 52 оқушы қабылданады.

     «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика математикалық мектеп-интернаты» КММ  2021-2022 оқу жылына конкурсқа қатысуға барлығы            6 - сыныпқа – 150  үміткер онлайн өтінім берді. 1 комплект - 26 оқушы қабылданады.

І кезең бойынша конкурсқа қатысушы 195 үміткердің ішінде:

 Тыныштық Шынар, Назарғалиева Ұлжан екі рет тіркелген;

Қуандық Ділназ – денсаулығына байланысты;

Бердалина Қаракөзайым, Избастенова Асылай, Жылқыбаев Адай, Серік Әдемі – қатыспайтындығын хабарлады;

Жолдыбай Ақнұр, Қарасай Кәусар, Даулетқалиев Сұлтанали – телефонға жауап бермеді.

Сонымен І кезең бойынша конкурсқа 185 оқушы қатысты.

          Санитарлық талаптарды сақтай отыра үміткерлердің ғимаратқа және емтиханға кіру-шығу уақытын арнайы қадағалап тұратын педагог кезекшілер құрылды. Педагог кезекшілер әр үміткердің рұқсатнамаларының болуын, емтихан уақытына кешікпей кіргізілуін, ғимаратқа кіруі және шығуын, жұмыстарының толық тапсыруларын бақылауда ұстайды.

      Оқуға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудиторияға яғни конкурстық іріктеу өтетін орындарға бейнебақылау және дыбыстық жазба жүйелері орнатылды. Конкурсты ашық өткізу мақсатында Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімінің  басшысы Аманова Зауре Малгаждаровна, Білім сапасын сырттай бақылау бөлімінің басшысы Кемешов Аскар Жайлыбаевич, «Ақтөбе – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Серикжанов Куанышбек Серикжанович, Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ахметов Көшкімбай, 1 канал «Евразия» Журналисі Сұлтанмұратова Ақбаян, Ата-аналар комитетінің мүшесі Исмагамбетова Венера Конысовна, Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп интернатының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Тасмағамбетова Самиға конкурстың әділ өтуін бақылау үшін өкілдер ретінде  шақырылды.