Хабарландыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 28 Тамыз 2020
-
Қаралды: 503
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп–интернаты 2020 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйек аралығында 2020-2021 оқу жылына 7–сыныптағы 7 /жеті/ бос орынға оқушыларды қабылдау конкурсын жариялайды.
Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1.Үміткердің ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініш
2.Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН)
3.Үміткер оқушының 3х4 көлемдегі фотосуреті
4. 6-сыныптағы үлгерім табелінің көшірмесі /мектеппен куәландырылған
(үлгерімі үздік, екпінді болуы тиіс)
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөліміне қағаз форматта әкеліп тапсыру қажет.
Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады.
1-кезең. 2020 жылғы 11 қыркүйекте жергілікті уақыт 09.00-13.00 аралығында өтеді. Үміткер математика пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. Тапсырмада 6-сынып бағдарламасы бойынша 6 есеп болады.
2-кезең. 2020 жылғы 11 қыркүйекте жергілікті уақыт 14.00-17.00 аралығында өтеді. Үміткер математика пәнінен ауызша емтихан тапсырады. Тапсырма екі сұрақ, 1 есептен тұрады.
Ата –аналар назарына!
-Конкурсқа қатысу үшін белгіленген уақыттан кешіктірмей үміткер оқушының құжаттарын әкеліп тіркеу;
- Үміткерді тіркеу кезінде нақты ақпарат беру;
-Үміткерді белгіленген уақытта емтиханға әкеліп қатыстыру және емтихан аяқталғаннан кейін кешіктірмей алып кету;
-Үміткерді бетпердемен қамтамасыз ету;
- Емтиханға келер алдында үміткердің денсаулығынан қандай да бір ауру белгілері байқалса, емтиханға әкелмеу.
Мекен –жайы: Сәңкібай батыр 74С
Байланыс телефоны: 8(7132)-909331
Барлық үміткерлерге сәттілік!