2020-2021 оқу жылына қабылдау
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 17 Мамыр 2020
-
Қаралды: 954
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп–интернаты 2020 жылғы 18 мамыр - 17 маусым аралығында Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін электрондық форматта 2020-2021 оқу жылына 6–сынып оқушылары үшін құжаттар қабылдайды.
Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1.Үміткердің ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініш
2.Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН)
3.Үміткер оқушының 3х4 көлемдегі фотосуреті
Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.
Өтінішті толтырушы ата-ананың немесе заңды өкілінің атына gmail.com электрондық пошта ашылуы керек.
Сіз тіркеліп болғаннан кейін, рұқсатнама сіздің электронды поштаңызға жіберіледі.
Конкурсқа тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз. http://tiny.cc/ouz5oz
Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады.
1-кезең. 2020 жылғы 18 маусымда өтеді. Үміткер математика пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. Тапсырмада 5-сынып бағдарламасы бойынша 6 есеп болады.
2-кезең. 2020 жылғы 20 маусымда өтеді. Үміткер математика пәнінен ауызша емтихан тапсырады. Тапсырма екі сұрақ, 1 есептен тұрады.
Ата –аналар назарына!
-Конкурсқа қатысу үшін белгіленген уақыттан кешіктірмей үміткер оқушының құжаттарын тіркеу;
- Үміткерді тіркеу кезінде нақты ақпарат беру;
-Үміткерді рұқсатнамада белгіленген уақытта емтиханға қатыстыру және емтихан аяқталғаннан кейін кешіктірмей алып кету;
-Үміткерді бетпердемен қамтамасыз ету;
- Емтиханға келер алдында үміткердің денсаулығынан қандай да бір ауру белгілері байқалса, емтиханға әкелмеу.
Мекен –жайы: Сәңкібай батыр 74С
Байланыс телефоны: 8(7132)-909331, 909336
Барлық үміткерлерге сәттілік!