Әдістемелік жұмыс
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ КУРАТОРДЫҢ РӨЛІ»
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Әдістемелік жұмыс
-
Жарияланды 26 Сәуір 2017
-
Қаралды: 1359
Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер баланың жеке басын дамытуды, оны ізгілікке баулып, көркемдік шығармашылығын қалыптастыруды, бәскелестік қабілетін арттыруды талап етеді. Адам бойындағы ізгі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі үлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, салауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу –тәрбие жүйесінің үлесіне тиетін ересек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуының орны ерекше.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты
БАЯНДАМА
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ КУРАТОРДЫҢ РӨЛІ»
Дайындаған: Т.С.Алмагамбетова
Ақтөбе
Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер баланың жеке басын дамытуды, оны ізгілікке баулып, көркемдік шығармашылығын қалыптастыруды, бәскелестік қабілетін арттыруды талап етеді. Адам бойындағы ізгі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі үлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, салауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу –тәрбие жүйесінің үлесіне тиетін ересек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуының орны ерекше.
Мектептің әсіресе сынып тәрбиешілерінің ата-аналарымен одақтастығы бала тәрбиесінде ерекше роль атқарады. Мектеп – ата-ана – бала – сынып тәрбиешісі өзара тығыз байланыста бола отырып мектептегі тәрбие жұмыстарын бір қалыпты өткізбей түрлі әдістерді жоспарлы түрде бірге қолға алған жағдайда ғана жақсы нәтиже болмақ. Соның бірі сыныптағы бүгінгі күн талабы бойынша жаңа технология әдістерін қолданып өткізу өте тиімді. «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуде, -дейді Н.Ә.Назарбаев, -оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек сонда ғана біз рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.»
Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерін жас ұрпақ бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру.
Халық «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Түрлі мәжіліс пен жиында үлкен адамдардың жақсы ісін, еліне сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге еткен. Әңгіме арасында солардай болуды насихаттаған. Қазақ халқы баланың қатар құрбысына, жолдастарының тәлім тәрбиесіне де үлкен мән берген. Жалпы жастарға тәлім тәрбие беруде халық педагогикасын жүйелі қолдана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдеп-ғұрпымыз сақталатынына сенімі мол. Оқушыларды өмірге бейім тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін, топтарын ашу және бос уақыттарын тиімді өткізу үшін еңбек тәрбиесінің алатын орны ерекше. Өйткені өз-өзіне қызмет ету оларды еңбекке тәрбиелеудің, еңбек дағдыларын дамыта түсудің алғашқы басқышы болып табылады.Жеке бас тазалығын сақтау, өздері тұратын бөлмені дұрыстап ұстау, жатақхана, асханада кезеші болу, бөлмені безендіру сияқты еңбек түрлерімен жүйелі айналысады. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа баулып, жаңа ізденіс жолында әрекеттене әсер ететін , тәрбиелейтін жаңалықтарды қамтитын газет, журнал, кітаптардың пайдасы мол. Демек айта кететін болсақ Ел басымыздың Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауларын тәрбие сағаттарында әр сыныпта таныстырылып талдау жасалады.
Оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі. Тәрбиеленушілер қазіргі заманғы өзін-өзі басқаруы демократияның нақты формасы және әлеуметтік құқықтық өзін-өзі қорғау болып табылады.
Білім беру ұйымдарының басқаруға қатысу, оладың қабілеттері мен шеберлігін қолдану сферасын, басқару дағдысын меңгеруге мүмкіндік беріп, лидерлік қасиетін дамытып, өзінің қабілеті мен талантын көрсетіп бастамашылдық танытып іс-әрекетте өз қалауын табуға мүмкіндік беру.
Бала санасын тәрбиелеу өз-өзінен болып жатқан стихиялық үрдіс емес, ол мемлекеттің , қоғамның, бірлесе отырып белгілі бір мақсатты көздеп жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесі арқылы іске асырылады.