Дін - тәрбиенің рухани тірегі

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 класс оқушыларымен бүгін “Дін - тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы басшысының орынбасары Сәбит Мұқанов мырза қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жалпы рухани-адамгершілік тәрбие төңірегінде әңгіме қозғалды. Кездесу оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.