Патриотизм дауысы

⚜Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады.
⚜Соған орай, 2022 жылы 13 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандадырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Республика күнін» атап өту мақсатында сабақтар «Патриотизм дауысы» тақырыбымен мемлекеттік гимінді орындаудан басталды.
⚜Содан кейін «Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы» тақырыбында кітапханада кітап көрмесі жұмыс жасады және де лицей-интернаттың өнерлі оқушыларының қатысуымен «Қазақстан – кең байтақ жерім» тақырыбында суретшілер көрмесі өтті.
⚜Сонымен қатар «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе конурсы және «Атамекен» тақырыбына патриоттық диктант-конкурсы ұйымдастырылды.
⚜Бүгін өткізілген көрмелер мен конкурстардың қорытындысы 21 қазан күні өтетін «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты мерекелік концертте жарияланып, жеңімпаз оқушылар марапатталатын болады.
⚜Барша қазақстандықтарды Егемен Еліміздің Еңселі мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!