"Мен және менің полицейім"

👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️👨🏻‍✈️
📌"Мен және менің полицейім" ұранымен Ақтөбе облысының полицейлері осы аптада кәсіби бағдар беру, жасөспірімдерді полиция жұмысымен таныстыру, сондай-ақ азаматтармен өзара сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында акция өткізеді.
📌Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8-10 класс оқушылары үшін Астана аудандық №2 ҚПБ полиция лейтенанты, мектеп-интернаттың кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Бекжан Нұрбекұлының @idn_uip_upp11_aqtobe ұйымдастыруымен "Ашық есік күні" өтті.
📌Полиция қызметкерлері оқушылары үшін облыстық Полиция департаментіне экскурсия өткізді, олар балаларға Жедел басқару орталығының жұмысын көрсетті; өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап әртүрлі жастағы полиция қызметкерлері туралы барлық ақпарат жиналған мұражайды көрсетті. Оқушылар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.