Игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 
Дәл осындай игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында 25.12.2021 жылы  Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында өтті.  Мектеп - интернатта 10:00-ден басталған жәрмеңкеде тәтті тағамдар  сатылымға қойылды. 
Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп-интернат басшысына, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар  қауымына айтар алғысымыз шексіз!