Алғыс айту-асыл қасиет

2021 жылдың 1 наурыз күні 6-11 сыныптарда сыйластық қарым-қатынасты күшейту, әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында және Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту-асыл қасиет" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары қашықтықтан ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының оқушылары  1-наурыз-алғыс айту күніне Президентке дарынды балаларға қолдау көрсетіп, танымдық қабілеттерін шыңдауға мол мүмкіндік бергені үшін, ата-аналарына мәпелеп өсіргені үшін,  дос-бауырларына кез-келген жақсылық жасаған жандарға алғыс тілектерін білдіріп,ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатының нәтижесі оқушыларды рухани-адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлға болып қалыптасуға бағытталды.