Кинотерапия

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың желтоқсан айында 9-11 сынып оқушылары үшін мамандыққа бағытталған кинотерапия өтті.
✅Мамандық таңдауда бағдар беріп, үлкен өмірге дайындау мақсатында фильм режиссері Серік Таласовтың шынайы оқиғаға сүйенген "Қызыл диплом” толықметражды фильмі көрсетілді.
✅Басты кейіпкердің өз қалауынан тыс мамандықты таңдап, мамандықты таңдауда сәттілікке жетпегені, өзіне берілген мүмкіндікті елемей, түрлі қиындықтарға тап болуы, уақыт өте келе өз жүрек қалауымен қызығушылығын оятып, шебер маман болғаны шынайы суреттелген.
❇️Фильм соңынан оқушылармен кері байланыс жасалып, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдау қажет екені, сонымер қатар фильм көрінісіндегі өмірден алынған тұрмыстық жағдайлар, адал достық, қамқорлық, еңбекқорлық, салауатты өмір салты кеңінен талқыланды. Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова.