"Ақ қағаздағы Адам" техникасы

🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 10-11 жұлдызында оқушылардың мінезінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауын, әрі жақсы мінездің үлгісін бойына сіңіру үшін "Ақ қағаздағы Адам" техникасы 6-7 класс оқушыларына өткізілді.
✅ Оқушылар "Ақ қағаздағы Адам" бейнесін жасай отырып, өзінің ішкі ойын ашуға, өз ерекшелігін басқалармен салыстырып тануға, мінездің жағымды жақтарын жетілдіруге мүмкіндік алды.
✅Бұл психологиялық техника оқушылар үшін қызықты болды, бір-бірінің жасаған жұмысын көріп, топта жарасымды ахуал қалыптасты, барлығы белсенділікпен қатысты.