«ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТТЕР-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» АТТЫ МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

📚📚📚📚📚📚📚📚Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика–математикалық мектеп–интернатында 2022 жылдың 8 - ші сәуірінде «ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТТЕР-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» АТТЫ МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
✍️ Мақсаты: жаңартылған білім беру жағдайында пәндерді оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін жоғарылата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру.
📝МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ жұмысын әдістемелік кеңес жетекшісі Аяуова Р.К. ашып, пән мұғалімдері: «Жаңару мен жаңғыру» стратегиясын жүзеге асырудағы мұғалімнің ықпалы - Зейнулла Р., математика пәні мұғалімі, «Использование нестандартных форм обучения на уроках русского языка и литературы» Селбаева К.С., орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, «Математикадағы қиындықтар және оны шешу жолдары » -Саржанов О., математика пәні мұғалімі, шығармашылық топ мүшесі, «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас» белсенді оқу-әдістерін қолдану- Султанмуратова А. Н., орыс тілі пәні мұғалімі,шығармашылық топ мүшесі, «Үздік оқушы дайындау үшін...»- Биржанова А, математика пәні мұғалімі, «Жаңа сабаққа – жаңаша көзқараспен» - Нажмадинов М., математика пәні мұғалімі өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі М.Истигулова «Қарым- қатынас жарастығы» атты психологиялық тренинг өткізді.
📚Конференция жұмысы өте жоғары деңгейде өтті.