Психологиялық қызмет жаңалықтары
Заманауи тәрбие технологиясы-тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 01 Сәуір 2022
-
Қаралды: 175
📝📒📝📒📝📒📝📒📝Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 2-наурызында "Заманауи тәрбие технологиясы-тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолы" атты Педагогика-психология бірлестігі онкүндігі аясында "Тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырудағы заманауи әдістер" атты мектепішілік семинар өтті.
🍭 Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Н.Ж.Жалғасқызы қатысты.
🍭Семинар барысында алғашқы алғысөзді мектеп-интернат директоры К.Е.Тлеумагамбетова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Есенғұл ашып, "Тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырудағы заманауи әдістер" атты теориялық бөлімін 8"б" класс тәрбиешісі Р.Ж.Туреханова мен 10 "б" класс тәрбиешісі Т.А.Алдонгарова жүргізді. Мектеп психологі М.К.Истигулова мен Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі А.А.Карасаева "Шеберлік" мұнарасы тренингін өткізді.
🍭Семинардың қорытынды бөлімін Педагогика-психология бірлестігінің жетекшісі Б.З.Айетова "Жүрек жылуы" рефлексиясымен аяқтады.
🍭 Семинар соңында әріптестер өзара алған әсерлерімен бөлісіп, семинардың өтілуіне жоғары баға берді.