«Отбасым - мақтанышым» арттерапиясы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 6,7,8 кластарда 2021 жылдың қыркүйек айының 6-11 аралығында «Отбасым - мақтанышым» тақырыбында арттерапия жұмысы өтілді. Мақсаты: Отбасыға және жақындарына, туған – туысқандарына деген ішкі сүйіспеншілікті, ыстық сезімді, құрмет көрсетуін нығайту, жарқын ойлау мен жағымды көңіл – күй қалыптастыру.
Өтілген арттерапия жұмысы оқушылардың отбасыға деген ыстық сезімдері мен құрметтерін нығайтты, жарқын ойлау мен жағымды көңіл-күй қалыптастырды.