Әдістемелік кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Әдістемелік жұмыс
-
Жарияланды 22 Ақпан 2024
-
Қаралды: 350
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылы 21 ақпанда мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Мақсаты: білім беру үрдісінде педагогтердің қазіргі заманауи форматта оқытудың талаптарына сай сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды меңгерту.
❇️Мектепішілік әдістемелік кеңес жұмысын әдістемелік жұмыс жетекшісі Р.К. Аяуова ашып, төмендегідей мәселелер қозғалды:
1.“Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану”С.Қ. Нурмагамбетова, тілдер және қоғамдық ғылымдар бірлестігінің жетекшісі.
2.“Орыс тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары” А.Н.Султанмуратова, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.
3.“Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдері” Ж.Х.Нургазина, ағылшын пәні мұғалімі.
4.“Жас маман - жаңа заман жаршысы” әдіс - тәсілдер презентациясы, жас мамандар мектебінің мүшелері.
❇️Әдістемелік жұмыс қазіргі заманауи талаптарға негізделген жұмыс түрінде ерекше деңгейде өтілді.
"Эмоция табиғаты" тақырыбында түзету-дамыту жұмысы өтілді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 20 Ақпан 2024
-
Қаралды: 329
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылы 6-11 класс оқушыларына "Эмоция табиғаты" тақырыбында түзету-дамыту жұмысы өтілді.
????Мақсаты: оқушыларға эмоция мен сезімді түсінуге, эмоцияны қабылдау мен басқаруға тәрбиелеу, эмоционалды интеллектіні дамыту.
❇️Түзету-дамыту жұмысы аясында оқушылар эмоция мен сезімнің көрінісін, эмоционалды интеллектінің маңызын және эмоцияларды басқара білуді түсінді.
Ата-аналар жиналысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 253
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10 "Б" сыныбында 2024 жылдың 19 қаңтар күні «Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қозғалды:
1. ІІ оқу тоқсаны бойынша сыныптың оқу үлгерімі, тәртібі бойынша сынып тәрбиешісі Р.Туреханова ақпарат берді.
2. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Ақтөбе қаласы Полиция Басқармасы Жергілікті полиция бөлімі Ювенальдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Маликова Гульдана Руслановна мен Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы # 2 ҚПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Жасұлан Абатұлы Сабыртай ата-аналарға ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша ағарту жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүшесі Сарсенбаева Алтынгул Айткалиевна «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбында баяндама жасады.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ағарту жұмысын жүргізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 245
Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні лицей-интернаттың кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Бисенов Мадияр Байқадамұлы мен №2 Сазды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Мухамбетказина Аймереке Нурмуханқызы 6-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ағарту жұмысын жүргізді. Ағарту жұмысы кезінде оқушыларға түнгі мезгілде көшеде белгіленген уақыттан кейін жүрмеу, зиянды заттардан аулақ болу, әлімжеттік, бопсалау жасамау, үшкір және кескіш қаруларды өздерімен бірге алып жүрмеу, сабақтан себепсіз қалмау тақырыптары бойынша түсіндіріліп, кеңестер берілді.