"Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" 6-8 класс қыз балаларымен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 175
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубы жоспарына сәйкес "Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" тақырыбында қыз балалармен кездесу өтілді. ????Мақсаты: "Сырғалым" қыздар клубының мақсатымен таныстыру, қыз бала гигиенасы, физиологиялық даму ерекшеліктері туралы түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалардың жүріс-тұрыс әдебін сақтау, қазақ қызына лайық болуға үйрету. ❇️Кездесу барысында лицей-интернат дәрігері Г.С. Есмагамбетова "Қыз бала гигиенасы және физиологиялық жетілу ерекшеліктері"; -интернат меңгерушісі А.Б. Ахметова "Қыз балалардың интернат ішіндегі жүріс-тұрыс әдебі" -әлеуметтік педагог Г.Ж.Имангалиева "Мектеп формасының сақталуы мен ішкі тәртіп"; -психолог М.К.Истигулова "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыптарында қыз балаларға кеңес өткізді. ✅Кездесу соңында қыз балалармен кері байланыс жасалып, бүгінгі қозғалған тақырыптар кеңірек талқыланды.
"Салауатты отбасы-жарқын болашақ кепілі" тимбилдинг
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 16 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 130
Отбасы күнін мерекелеу аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында "Салауатты отбасы-жарқын болашақ кепілі" атты 6-7 сынып ата-аналары мен балалары арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. ????Шара жаңадан қабылданған оқушылар мен ата-аналар арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтті. ❇️Лицей-интернат директоры К. Е. Тлеумагамбетова тимбилдингті ашып, топтарға сәттілік тілей отырып, белсенді ата-аналарға алғыс білдірді. ❇️Нәтижесінде: ????Бас жүлде "Шаңырақ" тобы 7 "Б" сынып ????1 орын "Достық" тобы 6 "Б" сынып ????2 орын "Қыран" тобы 6 "А" сынып ????3 орын "Бірлік" тобы 7 "А" сынып ❇️Белсенділік танытқан ата-аналарға, оқушыларға, қолдау білдірген тәрбиешілерге шексіз ризашылық білдіреміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 127
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына жолдауы 2024 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты ұжымында кеңінен талқыланды.
"Жаңа орта-жаңа таныстық!" психологиялық тренинг
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 10 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 197
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларымен "Жаңа орта-жаңа таныстық!" тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
????Мақсаты: оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік беру, өзіндік жеке тұлғалық ерекшеліктері мен бойларындағы жақсы қасиеттерді тану, достық қарым-қатынасты нығайту.
❇️Тренингке 6 "А" класс кураторы С.Абдуллина қатысты.
Тренинг аясында оқушыларда бірлесіп жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынас пен көңіл-күй, өз бойларындағы тұлғалық қасиеттерді танып, өзара достық ниет пен жағымды атмосфера қалыптасты.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН 7-СЫНЫПТАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА ӨТКІЗІЛГЕН ДЕРБЕС КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 23 Тамыз 2024
-
Қаралды: 210