Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 27 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 186
2023 жылдың 24 желтоқсан күні Жекпе-жек сарайында ҚР Президенті атынан "Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!" атты жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.
Мереке аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров балаларды мерекемен құттықтап, энциклопедия және тәтті сыйлықтар таратып, 100 000 теңге көлемінде сертификат табыстады.
Жаңа жылдық шыршаға Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатынан оқушылар қатысты:
1.Орынжанов Сұлтан-6"А" класс
2.Қамидолла Сабина-6"А" класс
3.Шуақбаева Аружан-6"Б" класс
4.Жұмабай Шынболат-7 класс
5.Ізтілеу Жанерке-7 класс
6.Хамит Жанерке-8 класс
Ұйымдастырушыларға балалар ризашылықтарын білдірді.
Кинотерапия
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 26 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 165
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың желтоқсан айында 9-11 сынып оқушылары үшін мамандыққа бағытталған кинотерапия өтті.
✅Мамандық таңдауда бағдар беріп, үлкен өмірге дайындау мақсатында фильм режиссері Серік Таласовтың шынайы оқиғаға сүйенген "Қызыл диплом” толықметражды фильмі көрсетілді.
✅Басты кейіпкердің өз қалауынан тыс мамандықты таңдап, мамандықты таңдауда сәттілікке жетпегені, өзіне берілген мүмкіндікті елемей, түрлі қиындықтарға тап болуы, уақыт өте келе өз жүрек қалауымен қызығушылығын оятып, шебер маман болғаны шынайы суреттелген.
❇️Фильм соңынан оқушылармен кері байланыс жасалып, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдау қажет екені, сонымер қатар фильм көрінісіндегі өмірден алынған тұрмыстық жағдайлар, адал достық, қамқорлық, еңбекқорлық, салауатты өмір салты кеңінен талқыланды. Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова.
"Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы" атты кездесу кеші
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 192
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Бәйішов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыда өткен "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы" атты кездесу кешіне лицей-интернаттың информатика пәнінің мұғалімі Бейсова Нургуль Бақтыгереевана қатысты. Шараға қатысушылар Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойы арман болған, бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты. Осынау күннің қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында сөз сөйледі.
“Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет” тақырыбында кездесу өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 14 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 181
Хабарландыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 14 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 170